Мәдина соңғы видеодағы көйлекті лақтырамын деп жүрген — құрбысы

20.08.2026 00:12 Томирис САҒЫНДЫҚ
Мәдина соңғы видеодағы көйлекті лақтырамын деп жүрген — құрбысы
61
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Меркіде көз жұмған Мәдинаның жан құрбысы Зейнеп жанжалдың неден басталғанын және жақынының неліктен өзіне қол салғанына сенбейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол Руслан Өтепбайға берген сұқбатында айтты.

«Шынын айтсам, бұл істі Мадияр істеуі мүмкін. Оған біреу көмектесті ме, жоқ па — білмеймін, бірақ Мадиярдың қатысы бар екеніне 100 пайыз сенімдімін. Себебі ол бүгін туыстары келген де жоқ, «иманды болсын» деп айтып, ешқандай туысы келмеді. Тіпті Мадиярдың өзі де бетін көрсеткен жоқ. Құрбым 2007 жылғы еді, ертең туған күні болып, 19 жасқа толатын еді. Соңғы жанжал барни үшін болған. Ол барни жегісі келіп барған екен. Бара жатқанда баласына бірдеңе береді де, өзіне де бір нәрсе алады. Содан кейін оны жеп отырған кезде күйеуі келіп: «Мен бұны балаға алып келдім ғой, сен неге жеп жатырсың?» — деп ұрсады. Содан соң оның жегісі келмей, «болды, жемеймін» деп теріс қарап отырады. Кейін енесіне барғанда, енесі де: «Неге кикілжің шығарып жатырсыңдар?» — деп ұрсады. Ол: «Тамақ жегім келді ғой» деп айтқанда, күйеуі: «Сен неге менің мамамды сыйламайсың? Неге мамама сөз қайтарасың?» — дейді. Ол дәретханаға кетіп, қайтып келіп қолын жуайын десе, сонда қайтадан ұрыс басталады. Осыдан кейін күйеуі келіп, оны басынан ұрған екен. Бұны маған құрбым өзі жазып жіберді», — деді Зейнеп.

Ары қарай ол марқұм Мәдинаның бұған дейін бірнеше рет ақша сұрағанын, дәл осы сәтте ақшасы болмай қалғанын айтты.

«Ол маған хабарласып, 15 мың теңге сұрады. Бірақ өкінішке қарай, мен тауып бере алмадым. Өзім танитын бүкіл адамнан сұрадым. Бірақ мен бұған дейін де оған қарыз беріп жүретінмін. Негізі оның мақсаты — 15 мың теңгені алып, Алматыға кету еді. Мен оның өзіне-өзі қол жұмсағанына сенбеймін, ол ондай әрекетке баратын қыз емес еді. Мен оған 79 мың, 10 мыңдап берген кездерім болды, қанша сұрайды сонша тауып беретінмін. Тек сол кезде ақшам болмады. Ол маған сіңлім сияқты еді, оны жақын тартпасам, әлеуметтік желіге пост салмас едім. Мен бұл оқиғаны естіген бойда, түнгі сағат бір-екілерде бірден пост салдым. Маған бұл хабарды танысымыз айтты. «Ол асылып калды» деді. Мен басында сенген жоқпын, сосын енесіне хабарластым. Енесі: «Асылып қалды менің келінім» деп айқайлап жатыр екен. Содан кейін ғана естідім. Бірақ бәрібір сенген жоқпын. Содан кейін күйзеліске түсіп, «құрбым асылып қалыпты, мыналар кінәлі, барни оқиға себеп болған сияқты» деп жанұшырдым. Оқиға болған жерге барып көрдім. Ол маған бұған дейін де: «Енем екеуміздің ортамызға от салады» деп айтатын. Басында Мадияр маған көмектесіп жүрді дегенімен, артынан енесі: «Сен неге қатыныңа көмектесесің?» деп ұрса бастаған. Содан кейін Мадиярдың да қарым-қатынасы өзгеріп, ылғи анасын қорғайтынды шығарды. Анасын қорғаған кезде құрбымды соққыға жығатын», — деді ол.

Зейнептің айтуынша, Мәдина соңғы видеосында киген көйлектің өзіне ұнамайтынын және оны қоқысқа тастайтынын айтқан. Яғни Мәдина ол киімді өз еркімен киюі мүмкін емес.

«Жерлемес бұрын құрбымның денесін көрдім. Өзіне-өзі қол салған адамның денесіне мүлде ұқсамайды. Арқасы осыған дейін айтқанымдай түгел сабалған, белгілі бір жерлерін қысып, азаптаған, аяқтары мен тырнақтарының асты кір-кір. Жеңгелерінің айтуынша, оны асылып тұрған жерінен алып, көтере алмаған соң сүйреген екен. Бұл да шындыққа жанасады, себебі шашының бәрі қоқым-қоқым болып тұр. Олар оны ұрып өлтіріп, сосын асып қоюы әбден мүмкін. Себебі анасына жіберілген видеода ол мүлде сөйлемейді. Мәдина видео түсіргенде ылғи сөйлейтін еді, ал бұл видеода ол тым-тырыс, тіпті дауысы да шықпайды. Аяғының өзі де Мадинаның аяғына ұқсамайды. Сондай-ақ видеода ол қызғылт костюм киіп тұр. Ал маған соңғы рет сөйлескенімізде: «Мен бұл киімді кейгім келмейді, өйткені баламен жүргенде ыңғайсыз, ылғи құлап қала беремін, бұны лақтыруым керек» деген еді. Лақтырамын деген киімін қайтадан киіп, видеоға түсуі мүмкін емес. Бұлар алдымен оны өтіріп алып, сосын барып осы видеоны түсіріп жіберген деп ойлаймын. Мадияр өзінің тиісті жазасын алсын! Ақша ештеңе шешпеуі керек, әділдік орнаса екен деймін. Мен құрбымды жерден шығара алмаймын, оны құшақтай да алмаймын. Жалғыз сұрайтыным — тек әділдік болса екен», — деді Зейнеп.

Войдите, чтобы оставить комментарий