«Маған қатты ұқсайтын еді»: Назарбаев марқұм жиені Айсұлтан туралы естелігімен бөлісті
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету» деректі фильмінде 2020 жылы өмірден өткен жиені Айсұлтан Назарбаевты еске алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Назарбаевтың айтуынша, Айсұлтан мінезі жағынан да, болмысы жағынан да өзіне қатты ұқсайтын болған.
«Өкінішке қарай, бір немеремізден айырылып қалдық. Ол маған өте ұқсайтын еді. Өз уақытынан ерте өмірден өтті», – деді ол.
Сондай-ақ тұңғыш президент Айсұлтанның денсаулығына байланысты күрделі мәселелер болғанын айтып, отбасы оны бірнеше рет емдетуге тырысқанын жеткізді.
«Оны ешқайда жібермесе де болар еді. Бірақ ұстап отыру мүмкін болмады. Ол бұл нәрсенің құлы болды, тоқтай алмады. Мәскеуде де, Лондонда да емдеттік. Біраз уақыттан кейін қайтадан бұрынғы ортасына оралатын», – деді Назарбаев.
Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы дүниеден өтті. Оның қазасы қоғамда кең талқыланып, көпшіліктің назарын аударған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
05.11.2026
22:21
Ақтауда тұрғындар жылусыз қалды: Ашынған жұрт ж...
05.11.2026
21:33
Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жұ...
05.11.2026
20:31
«Кезексіз кіргізіп беремін»: Баласын балабақшағ...
05.11.2026
19:48
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларын ұстады – БАҚ
05.11.2026
19:42
Тоқаев Иордания королін ерекше марапатпен қарсы...
05.11.2026
19:16
Ақын Ербол Бықыбаев ұсталды - заңгер