«Малайзияға…»: Қарақат елден неге кететінін түсіндірді
10.11.2024
14:40
0
715
Белгілі әнші Қарақат Әбілдина Малайзияда өтетін бизнес-форумда ұлттық құндылықтар жайында баяндама жасайды. Әнші бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Малайзияның Куала-Лумпур қаласына ұлымды ертіп жолға шығып барамын. Бұл сапардың мен үшін маңызы ерек, жөні бөлек. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінен Азия елдері қазақтарының кіші құрылтайына қатысу туралы шақырту алған сәтте алдымен таңырқағаным рас. Өйткені бұл жерде мемлекеттік маңызы бар шарада ұлттық құндылықтарымыз жайында баяндама жасауға ұсыныс түсті. Ұлтымыздың дәстүрлі өнерін дәріптеп, халық әндерін эстрадамен ұштастырып, қазақ қызының қос бұрымындай болған өнерім мен өмірім арқылы ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптеп жүрген өнер адамы ретінде және көп балалы ана екенімді ескеріп, маған таңдау түскен екен. Осылай, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен сол елдегі қазақ қауымдастығы және Отандастар Қоры ұйымдастырған шараға шақыртуды қабыл алып, үлкен жауапкершілік алып отырған жайымыз бар. Азия елдеріндегі отандастарымыздың басын қосатын бизнес-форумда мен қазақтың салт-дәстүрін сақтанып жүрген және қазіргі заманға сай атқарып жүрген адам ретінде, ұлттық құндылықтарымыз туралы білгенімізді баяндаймын. Бұл мен үшін тың бастама, жаңа қадам болмақ. Сәттілік тілеп қойыңыздар, жақсы адамдарым!», — деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары Қарақат Әбілдинаға сәттілік тілеп, оның мұндай ұсынысқа әбден лайық екенін жазуда.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
24.10.2025
22:29
“Бір ән айта қояйын деп едім”: Мөлдір Мұқанова ...
24.10.2025
21:55
Әнші Әміре атақ алып, сүйінші сұрады
24.10.2025
21:41
Дана Нұржігіт сұхбат кезінде көзіне жас алды
24.10.2025
18:44
«Шығармашылығыммен таныс болмасаңыз, википедияғ...
24.10.2025
18:38
Атышулы блогер: Қайрат Нұртас хат жазыпты
24.10.2025
17:50
«Шынымды айтсам, шаршатты»: Сәкен Майғазиевтің ...