Маңғыстауда екі әкімінің орынбасары есірткімен ұсталды

Маңғыстауда екі әкімінің орынбасары есірткімен ұсталды
18.09.2025 11:04
0
536
Фото: Kindel Media

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен үш адамды ұстады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Олардың арасында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар.

Полиция департаментінің мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында Мұнайлы ауданы әкімінің бірінші орынбасары 1984 жылғы Өтегенов Әлібек Бердібекұлы, Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары 1990 жылғы Тастанов Абзал Абайұлы және 2000 жылы туған тағы бір азамат қолға түскен.

Тінту кезінде күдіктілерден салмағы шамамен үш грамм болатын, апиынға ұқсас зат табылып, тәркіленген. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 302-бабының 1-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал қалған екі күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда. Сонымен қатар, ұсталғандардың жұмыс және тұрғылықты мекенжайларында тінту жұмыстары жалғасып жатыр. Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий