Маңғыстау облысында асыл тұқымды 40 ешкі бұралқы иттерге жем болды
966
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылдық округіндегі шаруа қожалығының иесі таңғы 4-5-тер шамасында бұралқы иттердің қорадағы асыл тұқымды ешкілерін қырып кеткенін айтып, жәрдем сұрады, деп хабарлады politico.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Батыр ауылындағы Толқын, 67 мекенжайында болған. Бейнежазба иесінің айтуынша, бұралқы 5 ит қораға кіріп, 26 бас асыл тұқымды ешкісі мен 14 бас лағын қырып кеткен.
Бұл асыл тұқымды ешкілерді «Нұр капитал» бағдарламасымен несиеге алып, бағып жатыр едім. Сүтін ауыратын үлкен кісілерге беріп, ірімшік, құрт, қаймақ өнімдерін алып отырғанмын. Бір отбасын бағып отырған ешкілерімді бұралқы иттер екі сағатта қырып салды, - деді кәсіп иесі Құмар Нұрпейісова Mangistau_story парақшасына қалдырған жазбасында.Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Бекболат Қабатбаевтың айтуынша, жануарларды қорғау туралы заң шыққаннан бері бұл бағытта реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда зардап шеккен тарапты нақты қолдау шаралары әлі қарастырылмаған. Бүгінде бұралқы иттерді аулау жұмыстары кестеге сай және тұрғындардан түскен өтініштер негізінде жүргізіледі.
Әкімдік шаруа қожалықтары мен тұрғындар үшін малды қараусыз қалдырмау, қоршауларды биік ету және тағы да басқа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді Бекболат Қабатбаев.Сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қазір кәсіпкер Құмар Нұрпейісованың бизнесін қайта ашып, дамытуы үшін «Бір ауыл, бір өнім» бағдарламасына қатыса алатынын айтты.
Сонымен қатар «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша несиенің қалған берешегі туралы мәселені қарастырып жатырмыз, - деді Мұнайлы ауданық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары.Фото: goodfon.ru
Соңғы жаңалықтар
13.07.2026
00:23
«Күрекпен басы мен қарақұсынан ұрған». Зерттеуш...
12.07.2026
17:33
Алматы облысында жол бойынан табылған сәби: Ата...
12.07.2026
16:30
Ақмолада екі қыз көлікпен бірге суға батып кетті
12.07.2026
15:24
Сотталған экс-вице-министр күтпеген жерден бост...
12.07.2026
14:29
Астанадағы қоқыс полигонындағы ірі өрт үшінші т...
12.07.2026
13:28
Өртенген күйде табылған полицейге қатысты істе ...