«Қысқа дүниені созып жіберген»: Дархан Мұсаев бұрынғы жары Бадықованың «Соңыра» фильміне баға берді

«Қысқа дүниені созып жіберген»: Дархан Мұсаев бұрынғы жары Бадықованың «Соңыра» фильміне баға берді
Фото: видеодан скриншот

Актер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың жаңа «Соңыра» фильмін көріп, туындыға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі картинада өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қауіпті еңбегі мен жеке өмірі жақсы көрсетілгенін атап өтті. Алайда фильмнің баяндалу қарқыны көңілінен шықпағанын жасырмады:

«Менің рилстарымның пікіріне "Дарханның киносына бармаңдар, "Соңыраға" барыңдар" деп жатыр. Көруге келдім. Өрт сөндіруші, құтқарушы қызметте істейтін әпкелеріміздің, қарындастарымыздың, аға-бауырларымыздың мәртебесі бір көтеріліп қалды деп ойлаймын. Өйткені ол мамандық иелерінің басқа адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін қандай қауіп-қатерге баратынын керемет жеткізген. Олардың да жеке өмірлері бар екенін жақсы көрсеткен. Бірақ қысқа дүниені ұзаққа созып жіберген сияқты. Динамика жоқ. Қалай бар, солай айтып отырмын. Актерлік құрам өте мықты. Сіздерге көріңіздер, көрмеңіздер деп айта алмаймын. Әркім өзі шешім қабылдайды», — деді актер.

Айта кетейік, Дархан Мұсаевтың өзі де «Сүйем деші» атты фильм түсірген, туынды 1 желтоқсаннан бастап үлкен экранға жол тартады.

Желі қолданушылары актердің бұл қадамын «жігіттік» деп бағалап, «Жарайсыз, таспен ұрғанды аспен ұр дедіңіз», «Нағыз еркек», «Енді Дариғадан 1 желтоқсанда видео күтеміз» деп қолдау білдіруде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу