Мектеп мұғалімі сабақ үстінде ұятсыз видео көріп отырған жерінен ұсталды

Башқұртстандағы мектептердің бірінде физика пәнінің мұғалімі сабақ үстінде кездейсоқ түрде порнографиялық сайтқа кіріп кеткенін оқыс оқиға ретінде түсіндірді. Ол электронды журналға кіруге талпыныс жасағанын, алайда күтпеген жерден басқа сайт ашылып кеткенін айтып ақталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Baza Telegram каналына сілтеме жасап.
Нефтекамск қаласының білім бөлімі аталған мұғаліммен арнайы кездесу өткізіп, мән-жайды анықтады. Ұстаздың айтуынша, ол күнделікті жұмысында қолданатын интернет-журналдың сілтемесін басқан, бірақ экранда әдепсіз мазмұндағы суреттер пайда болған. Мұндай жағдайға тап болатынын күтпегенін айтқан мұғалім мектепте жоғары беделге ие екенін атап өтті. Ол білім беру саласында 40 жылға жуық қызмет етіп, осы уақытқа дейін ешқандай шағымға ілікпеген.
Бұл оқиғаға қатысты тағы бір болжам қарастырылуда. Кейбір деректерге сүйенсек, жағдайға жетінші сынып оқушылары кінәлі болуы мүмкін. Олар компьютерге әртүрлі бағдарламалар орнатып, мұғалімді қиын жағдайға қалдырған деген нұсқа бар.
Қазіргі уақытта мұғалімнің ноутбугы тәркіленіп, оның браузердегі кірген сайттары тексеріліп жатыр. Тергеу нәтижелері алдағы уақытта жарияланбақ.
Соңғы жаңалықтар





