Мектепте балта ұстап жүгірген оқушы: ІІМ оқиғаға қатысты мәлімет берді

17.02.2026 14:48 Мөлдір Талғат
Мектепте балта ұстап жүгірген оқушы: ІІМ оқиғаға қатысты мәлімет берді
78
Фото: видеодан скриншот

Атырау облысындағы мектептердің бірінде оқушының сыныптастарына балтамен шабуыл жасауы қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды  Politico.kz.

 Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ресми мәлімдеме жасап, тергеу барысы мен қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат берді.

ОКҚ-де өткен брифингте Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Журналистер мектептерге қару мен қауіпті заттардың кіргізілуін болдырмау үшін қандай шаралар қабылданатынын сұрады.

Сарғұловтың айтуынша, ІІМ бұл мәселе бойынша өз ұстанымын бірнеше рет білдіріп, Оқу-ағарту министрлігімен бірге мектептерге қару-жарақ, үшкір және басқа да қауіпті заттарды алып кіруге тосқауыл болатын жағдай жасау мәселесін талқылаған.

«ІІМ тарапынан күзет ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру және тиісті нұсқаулықтар өткізу бойынша ұсыныстар берілді», – деді ол.

Сонымен қатар нақты шаралар, соның ішінде күзет қызметін таңдау, келісімшарт жасасу және оның орындалуын бақылау – мектеп директорларының жауапкершілігінде екені атап өтілді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий