Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады
09.01.2025 14:41
0
63
t.me/aqorda_resmi
«ҚазМұнайГаз» 2024 жылы өндіріс көлемін арттырды – Асхат Хасенов Президентке есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Асхат Хасенов ұлттық компанияның 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Оның айтуынша, өткен жылы «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы мұнай және конденсат өндіру көлемін 23,8 миллион тоннаға жеткізді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары көрсеткіш.

Сондай-ақ мұнай өндіру деңгейін тұрақты сақтау үшін Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы іске асырылуда. Жоба әр кен орнындағы мұнай көлемін арттыруда сараланған әдістерді пайдалануды қарастырады.

Басқарма төрағасы бірнеше ірі жобалардың іске қосылғанын мәлімдеді:

  • Қаламқас-теңіз жобасы басталып, оның құны 6,4 миллиард долларды құрады;
  • полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Құны 7,4 миллиард доллар болатын бұл кәсіпорын жылына 1 миллион 250 мың тонна өнім шығарады;
  • Маңғыстау облысында су тұшыту зауытының және қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станциясының құрылысы жалғасуда.

2024 жылы мұнай тасымалдау көлемі 4%-ға артып, 83,6 миллион тоннаға жетті. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеңіл мұнай өнімдерінің өндірісі 370 мың тоннаға ұлғайтылды.

Президент кездесу соңында геологиялық барлау жұмыстарын күшейту, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және мұнай-газ химиясын дамытуға қатысты жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или