Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
– Әзербайжанның мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайту ісіндегі таңқаларлық жетістіктері осы тарихи датаның мән-маңызын арттыра түседі. Қазақстан бауырлас Әзербайжанның қол жеткізген табыстарына зор ықыласпен тілеулестік танытып, достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударады. Қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы туысқан халықтардың өсіп-өркендеуі жолында беки түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке жалпыұлттық көшбасшы ретінде табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік, бақ-береке тіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.11.2026
20:14
Қарағандыда зейнеткерді автобустан түсіріп, шаш...
24.11.2026
20:02
Сергей Ким 8,5 жылға сотталды
24.11.2026
19:21
Қазақстанда мұрагерлік құқығы қайта қаралуы мүмкін
24.11.2026
18:38
Алматылық дәрігерлер салмағы 990 грамм болып ту...
24.11.2026
17:35
Тоқаев әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия...
24.11.2026
17:24
Қостанайда жұмысшыны топырақ басып, көз жұмды