"Мені жүкті етіп тастап кетті": Оразалы Досбосыновтың ұлына қатысты жазба елді ойлантып қойды

08.12.2025 13:10 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
32
Фото: threads.com/@nadirrovva_?. Суретте: Оразалы Досбосыновтың ұлы мен Назерке Надирова

Threads желісінде Назерке Надирова есімді қыз танымал айтыскер Оразалы Досбосыновтың ұлына қатысты ауыр айып таққан жазбасын жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Назеркенің айтуынша, өзін Оразалы Досбосыновтың ұлымын деп таныстырып жүрген ер адам — оның бұрынғы күйеуі.

«Бүгін TikTok желісінде бұрынғы күйеуімді “Оразалы Досбосыновтың ұлы” ретінде таныстырып жатқанын көрдім. Бірақ әдемі көріністің артында әрдайым басқа шындық жатады. Бәрі оны “Оразалы Досбосыновтың ұлы” ретінде біледі, ал мен ол 9 ай бойы мүлде хабарласпай, тастап кеткен әйелмін» деп жазды Назерке.

Екі жас 2024 жылдың ақпанында шаңырақ көтерген. Қыздың анасы олардың некесіне қарсы болмағанымен, Назерке анасының ақылына қарсы шығып, болашағына сенгені үшін үйден кетіп қалғанын айтады.

2024 жылдың қазан айында ол жүкті екенін білген. Әуелде екеуі қатты қуанғанымен, бірнеше күннен кейін жағдай түбегейлі өзгерген. Назеркенің сөзіне қарағанда, күйеуі 16 жасынан бері тексерілгенін айтып, өзін бедеумін деп таныстырып, құрсағындағы баланы өзге ер адамнан деп айыптаған.

«Жүкті екенімді білгенде екеуміз де қатты қуандық. Бірнеше күннен кейін қиындық басталды. Ұрыс-керіс, қорлау, төмендету. Түнгі сағат 3-те жылап, өз үйіме кетіп қалдым. Ұялы телефонымды сындырды, мені видеоға түсіріп, баланы өзге адамнан көтергенімді күштеп айтқызды. Жағымның нашарлағаны соншалық, ол үйден аман шықпаймын ба деп қорықтым. Ары қарай жүктілігіме қарамастан анаммен тұрдым» деп жазды ол.

Назерке бұрынғы күйеуінің 9 ай бойы хабарсыз кеткенін, бірақ өзін жұбатуға бір рет те қоңырау шалмағанын айтады.

«9 айда бір де бір рет “Қалайсың?” деп қоңырау шалмады. Менің жүктілігіме қауіп-қатер төнді, жыладым, жалғыздық. Мен мұның бәрінен жалғыз өттім. Бұған қарамастан ол бір күні келеді деген үмітті үзбедім» дейді жас ана.

Бірақ бала туғаннан кейін де жағдай өзгермеген.

«12 шілдеде менің ұлым Мұхаммед-Али дүниеге келді. Осы уақытта ғана байланысқа шығып, “Бұл менің балам” деді. Перзентханадан шығаруға келіп, өтірік түр жасап жүрді. Осымен ол қайтадан жоқ болып кетті. Балаға көмектеспейді, ол туралы сұрамайды. Бұған қарамастан, өзін таза адам секілді ұстайды, ешнәрсе болмағандай көрсетеді. Мен ше? Мен 9 ай бойы барлық қиыншылықты жалғыз еңсерген адаммын. Мен оның баласын дүниеге әкеліп, оны өсіріп отырған адаммын. Мен баланы өзге біреуден тумадым, бұл оның баласы. Балам әкесінен аумайды» деп жазды ол.

Жазба авторы көпшіліктің жігітті марқұм Оразалы Досбосыновтың атына бола ақтап, мінсіз адам ретінде қабылдап жүргенін де атап өткен.

«Мен адамдар біреуді “мен Оразалы Досбосыновтың ұлымын” деген сөзі үшін ғана мінсіз санауын доғарғанын қалаймын. Жұрт оны судан таза, сүттен ақ көреді. Ол ата-анасының атын жамылып, өзін де жақсы адам ретінде көрсетіп жүр. Бірақ шындықтың беті мүлде басқа еді» деп жазды Назерке.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий