Министр Жақыпова аутизмді балаларды өлтіруге шақырған блогерге қатысты пікір білдірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматыда аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырған блогерге қатысты құқық қорғау органдары ең қатаң шара қолдануы керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистерге сұхбат берген министр мұндай көріністерге жол берілмеуі керектігін атап өтті.
«Әрине, мен бұл пікірге теріс қараймын. Мұндай фактілер мен көріністер болмауы керек. Өздеріңіз білесіздер, біз инклюзивті қоғам құрып жатырмыз. Осы блогерге қатысты құқық қорғау органдары ең қатаң, дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын», - деді Светлана Жақыпова.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Райхан Жұмамұратова есімді блогер аутизм диагнозы бар балалары өлтіруге шақырғаны үшін қоғамның ашуына тиген болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...