"Мүшесінің суретін жіберіп, баладан да талап етті": Талдықорғанда жасөспірімдерді арбаған ер адам ұсталды
Талдықорғанда белсенділер 12 жастағы қызды интимді жақындыққа шақырып, жыныс мүшесінің суретін жіберуді талап еткен 29 жастағы ықтимал педофилді ұстады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Белсенділер ықтимал педофилді анықтау үшін эксперимент жүргізді. Олар12 жасар қыздың атынан жалған аккаунт ашып, профильде баланың жасын нақты көрсетті. Алғашқы сағаттардан бастап парақшаға лайктар мен хабарлама жіберуге сұраныстар түсе бастаған.
“Онға жуық ер адам жазып, стористі торыды. Олардың бірі ерекше табандылық танытты. Елдос Каримов деген жалған есімді ер адам күдіксіз “сәлем” деп бастап, кейін ашық әрі бейәдеп хабарламаларға көшті. Қыздан интимдік деректер жөнінде сұрастырды. Өзіне қылмыстық әрекет жасауға болатындай сезініп, интимдік сипаттағы материалдар мен өз мүшесінің суреттерін жіберді. Баладан да соны талап етті”, – деп жазды 124 азаматтық науқанының белсенділері.
Күдікті жасөспірімнің үйінде жалғыз екенін білгеннен кейін бірден кездесу үшін көрсетілген мекенжайға бет алды. Келіскен жерге жеткенде оны белсенділер мен аудан тұрғындары күтіп тұрды. Ер адамның қызға жазған хабарламалары дәлел ретінде көрсетіліп, бәріне әшкере болды. Алайда ол мұның бәрін жоққа шығарып, кінәсін мойындаудан бас тартты.
Кездесу барысында қаскөйдің заң бұзушылықтарын тіркейтін дыбыстық жазба қолданылған. Кейін құқық қорғау органдары келіп, қылмыстық әрекет жасауға талпыну дерегін тіркеді.
Тексеру барысында Елдос Каримов деген лақапаттың артында 29 жастағы Қасым Диас Аянұлы деген ер адамның тұрғаны белгілі болды. Ол мұның бәрін жасөспірімнің жасы небәрі 12-де екенін біле тұрып, саналы түрде істеген.
Соңғы жаңалықтар