"Нұр ағамызға Алла разы болсын!": Тазабек Назарбаевтың намазына риза болды
Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде Назарбаевтың жұма намазға барғанына қатысты пікір білдірген жазбасын қалдырды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Ол жазбасында:
"Мешітті құр салып қана қоймай, жамағатпен бірге жұмаға келіп, ақсақал боп, жастарға үлгі беріп жатқан Нұр ағамызға Алла разы болсын!
Ол кісінің басынан өтіп жатқан сынақтарға ердің ері ғана сабыр етеді.
Патша болмақ түгілі жәй адам боп жүріп, жарты сөзге шыдай алмаймыз.
Елбасы боп жүріп, естімеген сөзі жоқ.
Сабыр қылды, түсіністікпен қарады. Өкпелеп елден кеткен жоқ, қорқып қап, қолы түскен жоқ.
Президентке қолдау жасап, қандай жағдайда да қасынан табылды.
Хрущев заманында жастығы өтіп, Брежнев заманында атқа қонып, Горбачев тұсында тұғырда болып, атеизм мен имансыздықтың иірімінен аман шығу - әр пенденің тағдырына бұйырмаған бақыт.
Кеше ғана иманға келген кей ғаріп бүгін діннен шығып жатқан заманда, негатив мен сатқындықтың сан түрін сілкіп тастап, Аллаға ғана мінажат етіп, Алладан ғана үміт етіп, теңдессіз мешіт салып, алдыңғы қатарда малдас құрып, ақсақал боп жамағаттың ажарын ашып келу - пенде үшін ұлы бақыт!
“Күнәсінен арылу үшін келген болар” несіне таң қаласың дейтіндер де табылады.
Ия, кім болса да, көзінің тірісінде күнәсіне тәубе ғып, Алланың алдына тазарып барғанға не жетсін!
Құдайға қадам басамыз десек, мешітті толтырып, алдыңғы сапта Алла деп отырамыз десек, қолымызды кім байлапты, жолымызды кім жауыпты?!
Бабаларымыздан қалған: “Пенденің күнәсін көп айта берме, күнәсін көрсең де тәубесін көрген жоқсың” деген сөз бар…
Біз ренжіп жүрген біреу Алланың алдында бізден абзал болуы мүмкін, біз тәнті боп жүрген біреу Алланың алдында қадірсіз жан боп шығуы әбден мүмкін…
“Ханның сырын құл білмейді, құлдың сырын кім білмейді!”
Саясаттың желі қай таудан соғады, ақпаратың тізгіні кімнің қолында - соның аты жүйрік, адамы данышпан. Қаласа басқа діннің басшысына бас идіреді, қаласа өз балаңды өзегіне тепкізеді. Әлем тұтасып кеткен, ақпарат шекарасы алынған, мәдениеттер ми батпақ боп араласқан. Мықтының арты диірмен тартып, әлсіздің жілік майы үзілуде…
Өз қадіріңді өзің бағалап, өз жүрегіңе өзің ие болмасаң, ешкім қазақтың қазанына ас салып, қазанатын алға оздырмайды.
Ұлт ұстазы Ахмет абыз айтқандай: “…Мықты болу үшін бірлік керек…!”
Абай айтып кеткен: “Жалт бергіш, қайта ойланғыш, көті айналғыш” ұрпақтың соңғы жүз жылда неге жеткенін көзіміз көріп отыр.
Енді бүгін егемен ел болғанда “сөзге ергіш, екі күннің бірінде өзгергіш” боп отырғанымыз әлі де қатты қара үзіп кетпегенімізді көрсетеді.
Нұр ағаның тарихи шешімдері мен тасқа жазылған игі істері көп қой. Соның ең соңғысы тұғырынан таймай тұрып, өз қолынан тізгінді Қасым- Жомарттай қадірлі тұлғаға беріп кеткені. Ортаға қанша қараулар от жақса да, билікті шайқап, халықты жайпап, тақты төңкергісі келсе де Тоқаев әділ жолынан таймай келеді.
Тұңғыш президенттің тарихи ролін төмендетпей, өзінің де қасқа жолын қашап салып, қауымға қызмет жасауда.
Біз кейде мына қиырға немесе анау қиырға шалықтап, бірақ шығамыз. Жақсы көрсек жолында өлгіміз келеді. Жек көріп қалсақ, қолында өлгіміз келеді. Тоқаев президентіміз бізге тауларды тегістемей-ақ, даланы ұлықтауға болатын көрсетіп келеді. Алла ісіне береке берсін!
Қандай жарасымды жәйт.
Нұр аға өз жерінде, өз үйінде. Тоқаев Ақордада.
Ақсақал жұмада, мешітте, Тоқаев Самарқанда, саммитте…
Алла Тағала ынтымақ, берекемізден ажыратпасын!
Ел аман, жұрт тыныш болсын!" деп жазды Тазабек.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
11:32
Шерзат Полаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді
12.12.2024
11:13
Еңбек нарығы: қарашадағы ең сұранысқа ие жұмысш...
12.12.2024
11:11
Кей уағызшылардың көзін құрту керек - Айқын Төл...
12.12.2024
11:09
Макрон мен Туск Украинаның болашағын талқылауға...
12.12.2024
10:57
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және ота...
12.12.2024
10:54
Тоқаев Жапонияға жаңа елші тағайындады