«Нағыз ер азамат баласына қамқор болады»: Мөлдір Әуелбекова алименттен жалтарғандарды сынады

 «Нағыз ер азамат баласына қамқор болады»: Мөлдір Әуелбекова алименттен жалтарғандарды сынады
25.09.2025 17:11
0
46
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында алимент төлемей жүрген ер адамдарға қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол сот арқылы алименттен жалтарған адамдар жауапқа тартылып жатқанын айтып, шынайы әкелік қамқорлық ешқашан тек ақшаға байланыспайтынын жеткізді.

«Алимент төлемей қашып жүргендерді сот алдында тік тұрғызып жатыр дейді. Енді ойлап қоямын, алиментке беру керек пе еді? (әзіл). Жалпы, баласынан қашқанымен, Құдайдан қаша алмайтыны ақиқат қой. Нағыз ер азамат алиментсіз-ақ баласына қамқор болады. Қалғаны көп сөз – бос сөз. Бір тиын ақшасын, бір минут уақытын баласына қия алмаған еркексымақтарға күнімізді қаратпағанына шүкір! Алла ұлық!» – деп жазды ол.

Мөлдір Әуелбекова бұл пікірлерімен халыққа ата-ана ретінде жауапкершілік пен тәрбиенің маңызын еске салды. Ол әрбір ата-ана балаларына дұрыс тәрбие беріп, қамқорлық көрсетуі тиіс екенін айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий