Нәлібаев өңірдегі «Қазақмыс» жобаларын тексерді

30.06.2026 10:18 Қарақат АСЫЛОВА
Нәлібаев өңірдегі «Қазақмыс» жобаларын тексерді
72
Фото: KAZAKHMYS

Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барған вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаев өңірдегі «Қазақмыс» компаниясының өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысты, деп хабарлайды Politico.kz.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары мен облыс әкімі Дастан Рыспеков Жезқазғандағы мыс қорыту зауыты мен байыту фабрикасында болып, жабдықтарды жаңғырту жұмыстарын бағалады. Мұнда кәсіпорынның энергетикалық тұрақтылығы мен экологиялық тиімділігін арттыру мақсатында жаңа күкірт қышқылы цехы мен газ-поршенді электр станциясы салынып жатыр.

Компания аймақтың әлеуметтік саласына да ірі инвестиция құйып отыр. Мәселен 2026 жылы жалпы құны 30 млрд теңгеден асатын бірқатар инфрақұрылымдық жоба іске асырылмақ. Олардың қатарында Ұлытау университетін құру, студенттер жатақханасын тұрғызу, С.Қожамқұлов атындағы театрды жаңарту және «Жастар» саябағын абаттандыру жұмыстары бар. Сонымен қатар құны 3,4 млрд теңге болатын Кеңгір су қоймасы жағалауының екінші кезеңі 2026 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі өндірістік қуатты жаңғырту, кәсіпорындардың экологиялық тиімділігін арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту компанияның ұзақ мерзімді стратегиясының өзара сабақтас бағыттары екенін атап өтті.

Войдите, чтобы оставить комментарий