Намаз оқитындарға көп алдандым - Нұрлан имам
Әлеуметтік желіде танымал болған Нұрлан имам кезекті подкастарының бірінде орамал тағып, намаз оқитындар неге алдайды деген сұрақ төңірегінде ойын білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Орамал тағып, қалай алдап кетеді? Бұл шариғаттың қай заңына сай?» деген сұрақ туындайды. Меніңше, бұл біздің елімізге, мұсылмандардың атына кір келтіру үшін әдейі жасалған дүние. Намаз оқығандарға көп алдандым. Мен мешітке барып жүрмін деп, намазды ортаға қойғандар бар. Мұсылман емес адамдардың «діншілдігіңді Құдайыңа көрсет» деген сөзі бар. «Мен 17 рет Меккеге барғам, бірақ өтірік айтатыным бар» дейді. Бұл не деген не сөз? Бұл – надандық», - дейді Нұрлан Байжігітұлы.
Пікір жазған көпшілік имамның сөзін қолпаштап, қолдаған.
@utebaevkambar НАҒЫЗ МҰСЫЛМАННЫҢ СИПАТЫ! НҰРЛАН ИМАМ
♬ original sound - 🇰🇿Өтебаев Камбар✅