Назарбаев Университетінде тағы бір студент қыз көз жұмды

Елорданың беделді жоғары оқу орнында тағы бір жас қыздың өлімі тіркелді, деп хабарлайды HALYQSTAN арнасы.
Астанадағы Назарбаев Университетінің жатақханасында тағы бір қыздың өлімі тіркелді. Бұл туралы ақпарат желіде бірнеше күн бұрын тарағанымен, елордалық Полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын енді ғана растады. 15 тамыз күні 22 жастағы бойжеткеннің 12-қабаттан құлап кеткені белгілі болды. Бұл соңғы екі айда аталған университет аумағында орын алып отырған осыған ұқсас екінші жағдай.
Қайғылы оқиға 15 тамыз күні болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, астаналық 22 жастағы бойжеткеннің денесі табылғаннан кейін қылмыстық іс қозғалған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз жатақхананың 12-қабатының терезесінен құлап кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп қысқаша хабарлады ведомство.
Бұл жайт қоғaмды қатты алаңдатып отыр, себебі осыдан тура екі ай бұрын, 18 маусымда, дәл осындай жағдайда Назарбаев Университетінің тағы бір студентінің денесі табылған болатын. Ол кезде де марқұмның өзіне қол салғаны, оған оқудағы қиындықтар себеп болуы мүмкін екені айтылған.
Алайда, алдыңғы оқиғаға қатысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденов нақты жауаптан жалтарып, қайғылы жағдайдың ресми себебін әлі күнге дейін жариялаған жоқ. Екі министрлік тек өзара бірлесіп жұмыс істеп жатқанын айтумен шектелген еді. Енді, міне, араға екі ай салмай тағы бір жастың өмірі қиылып отыр.
Соңғы жаңалықтар





