Назарбаева мемлекетке қанша қарыз?

02.02.2026 09:31 Мөлдір Талғат
Назарбаева мемлекетке қанша қарыз?
656
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қарындасы Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компания елдегі ең ірі салық борышкерлері тізіміне енді, деп хабарлайды Politico.kz.

Комитет мәліметінше, “GROUP OF THE COMPANIES TDA” ЖШС-нің салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша берешегі 92,3 млрд теңгеден асқан.

«2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша “GROUP OF THE COMPANIES TDA” ЖШС-нің салық берешегі 92 307 598 мың теңгені құрайды», – делінген ресми жауапта.

Сондай-ақ компания өзін банкрот деп тану туралы сотқа талап-арыз түсірген. Қазіргі уақытта бұл іс сотта қаралып жатыр.

Ең ірі салық борышкерлерінің топ-5 тізімі:

Ai-To Progress ЖШС – Дәурен Молдағалиев – 111,6 млрд теңге

Alpha-bet (Альфа-Бэт) ЖШС – Velora Group LTD – 95,1 млрд теңге

GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС – Әли Клышпаев, Әнипа Назарбаева – 92,3 млрд теңге

OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі – Анарбек Жауыров – 85,6 млрд теңге

GB Invest ЖШС – Файез Наджиб – 47,2 млрд теңге

Айта кетейік, 2025 жылғы шілдеде “GROUP OF THE COMPANIES TDA” ЖШС Қытайдан тауарды заңсыз әкеліп, салық төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп танылған.

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті компанияның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін пайдаланып, Қытайдан 100-ден астам контейнер тауарды заңсыз кіргізгенін анықтаған.

Тергеу барысында компания ҚҚС, корпоративтік табыс салығы мен кедендік баждарды төлемеу үшін өз бақылауындағы 10 ЖШС арқылы жалған шот-фактуралар рәсімдегені белгілі болды. Келтірілген залал шамамен 10 млрд теңге деп бағаланған.

Сот шешімімен іс фигуранттары 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген. Айыпталушылардың біріне халықаралық іздеу жарияланған.

Сонымен қатар тергеу барысында компания бюджетке 643 млн теңгені ерікті түрде қайтарған. Бұдан бөлек, 1,3 млрд теңгеге тауарларына және 300 млн теңгеге мүлкіне тыйым салынған, ал тағы 47 контрагент 240 млн теңге төлеген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий