«Жалғандағы жарығым сөнді»: Нұрлан Өнербаев қаралы хабар жеткізді
976
Нұрлан Өнербаев анасының қазасын хабарлады
Қазақстандық танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желіде қаралы хабар жариялап, анасының өмірден өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі жеке парақшасында жүрек тебірентерлік жазба жариялап, анасына деген сағынышы мен қимастық сезімін жеткізді.
«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсыншы, анашым», – деп жазды әнші.
Қаралы хабардан кейін желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Нұрлан Өнербаевқа көңіл айтып, марқұмның жаны жәннатта болуын тіледі. Сондай-ақ әншінің отбасы мен жақындарына сабыр мен күш-қуат тіледі.
Соңғы жаңалықтар
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...
19.09.2026
15:15
Тоқаев Астана қаласының әкіміне қатаң тапсырма ...
19.09.2026
14:09
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026
13:26
Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғы...
19.09.2026
12:21
«Шектен шықты»: Алматы тұрғыны танымал актердің...
19.09.2026
11:17
Талдықорғанда жастар жаппай төбелесті: Полиция ...