"Негізі ондайым жоқ»: Жазира Байырбекова шу шығарды

Жазира Байырбекова бағдарлама түсірілімі алдында бет әрлеушінің немқұрайлығына ашуланып, сөзге келіп қалғанын айтты. Әншінің сөзінше, ол өте сирек ашуланатын жан, бірақ бұл жағдай оған қатты әсер еткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Менің ашуланып, сөзге келуім – өте сирек құбылыс. Екі жылда бір болатын шығар. Бірақ осы бағдарлама түсірілімінің алдында бет әрлеушімен келіспей қалдық. Орыс визажист қазақтарға басқаша қарап, маған дөрекі сөйлеп, «бетіңізді жақындатыңыз, үстелге жақын отырыңыз» деп бұйырды. Сонымен қатар, «Тұмар» ансамблін елемей, телефонына үңіліп отырды. Осы жайт менің көңіліме қатты тиді», – деп бөлісті әнші.
Желі қолданушылары оны қолдап, сабырға шақырды. «Сізге сабыр берсін», «Мұндай қызметкерлерді жұмыстан қуу керек», «Бағдарламаның атын неге айтпайсыз? Айту керек», «Намысшыл болсаң, осылай болады» деген пікірлер жазылды.
Соңғы жаңалықтар





