Нұрайдың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын: ІІМ күдікті туралы тың дерек айтты
Нұрай Серікбайдың Шымкенттегі өлімі бойынша тергеу ісі соңғы кезеңге өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.
Оның айтуынша, негізгі тергеу амалдары толық дерлік аяқталған, сондай-ақ сот-психиатриялық сараптама жүргізілген.
Сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті есі дұрыс деп танылды. Бұл оның заң алдында жауапқа тартылатынын білдіреді.
Бұған дейін екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілгені хабарланған еді.
Еске сала кетейік, қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студентті оны бұрынғы жігіті асқан қатігездікпен пышақтап өлтірген болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады