Нұрлан имам Дональд Трамппен бірге таңғы ас ішті

Нұрлан имам Дональд Трамппен бірге таңғы ас ішті
07.02.2025 19:19
0
151
әлеуметтік желі

Нұрлан имам ретінде танылған Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-тың астанасы Вашингтонда өткен Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбасында бөлісіп, іс-шарада АҚШ президенті Дональд Трамптың сөз сөйлегенін атап өтті.

Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші Президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық іс-шарада сөз сөйледі. Ең білерім "Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп" деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды. Түйгенім: Еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол, ағайындар, - дейді имам.

Фото: әлеуметтік желі

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий