«Ол мені жерлеуі керек еді»: Мұрат Бисембиннің әкесі азалы жиында елді жылатты (ВИДЕО)

09.01.2026 18:00 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Ол мені жерлеуі керек еді»: Мұрат Бисембиннің әкесі азалы жиында елді жылатты (ВИДЕО)
0
1044
Фото: видеодан скрин

Бүгін Мұрат Бисембиннің жаназасында актердің әкесі ұлы туралы жантебірентерлік сөзін айтып, көпшіліктің көңілін босатты, деп хабарлайды Politico.kz.

Азалы жиында марқұмның әкесі баласынан айырылу ата-ана үшін орны толмас қасірет екенін жеткізді. 

Ол ұлының дерті туралы да айтып, көзіне жас алды. Айтуынша, соңғы уақытта актердің денсаулығы күрт төмендеп, өздігінен жүруі қиындап, тамақ іше алмай қалған.

«Ауырғанына бір жарым жыл болды. Башқұртстанға да барып емделді. Бұған дейін «жаман ауруға» қарсы тұру керек, күресу керек деп жүретін. Бірақ кейінгі кезде қатты қиналып кетті. Жарты ай бұрын инсульт алды. Орталықта 11 күн жатты. Кейінгі кездері тамақ та іше алмай қалды. 8 қаңтарда таңғы сағат 8-де хабарластым. Сол кезде «Мұрат кетіп қалыпты» деген қаралы хабар келді. Не айтарымды білмедім… Ата-ана тірі кезде баласын жерлеу – көтере алмайтын қасірет. Ол мені жерлеуі керек еді, ал енді мен оны жерлеп жатырмын…», – деді ол.

Еске сала кетейік, «Рэкетир» фильмі арқылы танылған белгілі актер Мұрат Бисембин 8 қаңтарда 53 жасында өмірден өтті.
Бүгін Алматы халқы актерді ақтық сапарға шығарып салды.
 

@janbyr_qazaqstan

В Центральной мечети Алматы проводили в последний путь актера Мурата Бисембина. Он скончался 8 января в возрасте 53 лет. Последний год артист боролся с онкологией, в декабре перенес инсульт. Отец актера Болат Бисембин рассказал, что сын был талантливым, знал английский язык и вел здоровый образ жизни. Бисембин известен ролями в кино и сериалах. У него остались жена и трое детей.

♬ оригинальный звук - JANBÝR
Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий