«Өліп қалды деп ойладым»: Гүлзира Айдарбекова басынан өткен қиын сәтті баяндады (ВИДЕО)
Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова «Хабар» арнасындағы «КешREC» бағдарлама барысында жас кезінде басынан өткерген ең ауыр сынақтардың бірін баяндап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл оқиға жұбайы Нұртас Айдарбеков Павлодардағы трактор зауытында практикада жүрген кезінде болған. Продюсер сол кездегі жай-күйін ашық айтты.
«Күйеуіңізді пықшақтап кетті деп хабарлады. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Тірі ме деп сұрасам, ешкім ештеңе айтпады. Өліп қалды деп ойладым. Жатақхананың дәлізінен баспалдаққа дейін әрең жеттім. Сол жерде құладым. Ақша керек болды, анам артымнан алып келген бренд киімдерді базарға апарып саттым. Киімдерім тез өтіп кетті. Біраз ақша жинап алдым», – деп еске алды Гүлзира Айдарбекова.
Осылайша, қолына ақшасын ұстаған ол, кішкентай Қайратты қайнысына сеніп тапсырып, Шымкентке жіберген. Ал өзі дереу Павлодарға жол тартқан.
Алайда, ауруханаға жетіп, жансақтау бөлімінде жатқан күйеуін көргенде, продюсерді мүлдем басқа күдік жеңе бастаған.
«Барсам, жансақтау бөлімінде жатыр екен. Ондайда бірден арам ойға кетесің ғой. Қолын ұстасам, қолында неке жүзігі жоқ екен. Қолын лақтырып жіберіп, шығып бара жатыр едім, жібермей ұстап қалды. Кейін білдім, қансырап жатқан кезде сағаты мен неке жүзігін шешіп алған екен. Ал мен дискотекаға барған деп ойладым», – деп күлді Гүлзира Айдарбекова.
Соңғы жаңалықтар