Олжас Бектенов «Белагро-2024» халықаралық көрмесіне қатысты
Олжас Бектенов «Белагро-2024» халықаралық көрмесіне қатысып, «Еуразиялық экономикалық одақтың азық-түлік қауіпсіздігі» пленарлық сессиясында сөз сөйледі.
Сессияға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан үкіметтерінің басшылары, Армения вице-премьері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысты. ҚР Премьер-Министрі атап өткендей, халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету басты міндет болып қала бермек. Қазақстан Орталық Азиядағы астық пен ұнның негізгі өндірушісі бола отырып, өзінің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін жаһандық азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін пайдаланады. ҚР әлемдік азық-түлік экспорттаушыларының ТОП-25 қатарына кіреді. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 80 еліне, соның ішінде Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне жеткізіледі. Оның экспорты соңғы 5 жылда екі есеге өсіп, $5,4 млрд-қа жетті.«Елімізді дамытудың стратегиялық басымдықтарының бірі – агроөнеркәсіп кешені. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің алдына ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етіп, экспорт көлемін одан әрі арттыра отырып ауыл шаруашылығы саласын терең өңдеу деңгейіне жеткізу міндетін қойды. Еліміз 2026 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын екі есеге ұлғайтуды мақсат етіп отыр. Бұл ретте біздегі экспорттың құрылымы белсенді түрде өзгертіліп, терең өңдеу өнімдеріне басымдық беріледі. Біз Қазақстанда локализациялаумен бірлескен қайта өңдеу өндірістерін ашуға мүдделіміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Қазақстан Премьер-Министрі ЕАЭО-ға қатысушы елдердің 600 млн-ға жуық адамның азық-түлікке деген қажеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуетіне назар аударды. Ол үшін Одаққа қатысушы барлық мемлекеттің қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, ұлттық деңгейлерде азық-түлік жеткізу тәсілдерін үйлестіру қажет.
«Озық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бәсекеге қабілетті, экологиялық және экспортқа бағдарланған өнім шығару үшін тығыз кооперациялық байланыс орнату біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс. Орталық Азия арқылы жаңа логистикалық бағыттарды одан әрі дамыту және Қытайға жеткізетін қолданыстағы бағыттардың өткізу қабілетін арттыру перспективаларды кеңейте түспек», — деп атап өтті Үкімет басшысы.Сондай-ақ «Белагро-2024» көрмесінде Қазақстан Республикасының ұлттық экспозициясы да қаралды. Онда комбайндар, тракторлар, жаңбырлатып суару аппараттары секілді отандық ауыл шаруашылығы техникалары мен АӨК терең өңдеу өнімдері ұсынылған. Бұған қоса қазақстандық аграрлық ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми жетістіктері, мәселен, егістіктерді өңдеу үшін қолданылатын дрон, селекциялық жетістіктердің патенттері, оның ішінде алманың 4 сұрпы көрсетілді.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
09:39
Қазақстанның тәуелсіздік алғаны
12.12.2024
09:27
Полиция Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды ...
12.12.2024
09:10
2025 Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен т...
11.12.2024
21:21
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кет...
11.12.2024
20:19
Марқұм Нұрқанат туралы тың деректер шықты
11.12.2024
19:48
Жаңа адамдар Бағлан Әбдірайымовқа өзімен жұмыс ...