Олжас Бектенов құтқарушылар мен алдыңғы сап қызметкерлеріне ТЖ жағдайындағы жұмысы үшін алғыс білдірді
570
Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов еліміздегі су тасқыны жағдайына қарсы күреске қатысушыларға алғыс айтты.
Үкімет басшысы Қазақстан азаматтарына құтқарушыларға барынша көмек көрсетуге және олардың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырды.
Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, төтенше жағдайлар органдары қызметкерлері мен құтқарушылардың жұмысы өте қиын және қауіп-қатерге толы.
Батыс Қазақстан облысында сержант Батырбек Қапсықов қызметтік міндетін атқару кезінде екі бірдей пышақ жарақатын алған. Қылмыскер ұсталды.
Ақтөбе облысында тасқын жағдайында құтқару қызметтерінің жұмысшылары жүкті әйелді босандырып алды. Олардың іс-әрекетінің арқасында анасы мен жаңа туған егіздер құтқарылды.
Күштік құрылымдардың қызметкерлері мен құтқарушылар шын мәнінде батылдық көрсетуде.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен қазіргідей қиын жағдайда ел тұрғындарына көмек қолын созып жатқан құтқарушыларға, ұшқыштарға, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне және қатардағы еріктілерге алғысымды білдіргім келеді», — деді Олжас Бектенов.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
14:41
"Қазір керісінше, жақсарды": Лукашенко Қазақста...
02.10.2026
14:16
Орынбасардан бас директорға: Тоқаев қызметінен ...
02.10.2026
13:13
Немересін алып кетуге келген: Астанада Ресейдің...
02.10.2026
12:54
«Нағыз сұлу»: Қамшат Жолдыбаева ұлттық нақыштағ...
02.10.2026
11:55
«Аузы мен қолын бинтпен байлаған»: Алматыда жал...
02.10.2026
11:39
Тоқаев жасанды интеллектке жауапкершілікпен қар...