«Өмірім 360 градусқа өзгерді»: Мөлдір Мұқанова Астананың қақ ортасынан жаңа пәтер алды
Продюсер әрі блогер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде оқырмандарынан сүйінші сұрап, елорда төрінен жаңа баспаналы болғанын қуана жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі өткен өмірі мен бүгінгі жағдайын салыстырып, соңғы бір жыл ішінде өмірінде үлкен бетбұрыс болғанын ашық жазды.
"Білесіздер, жаңа өмір бастағаныма небәрі бір жыл болыпты. Осы уақыт ішінде өмірім 360 градусқа өзгерді. Әйел адамға бәрібір қорғаныш, мотивация, сенім беретін тірек керек екен ғой, қыздар. Сол қорғаныш пен мотивацияны, сенімді Астана қаласының қақ ортасынан жаңа пәтер сатып алып, сезініп жатырмын", – деп ағынан жарылды продюсер.
Сонымен қатар ол Instagram парақшасында видео жариялап, бұл баспананы алу процесі 9 ай бұрын басталғанын көрсетті.
"Достар, сүйінші! Астана төрінен жаңа пәтер алдым! Бәрін сәтімен болғызған Аллаға шүкір! Мұндай жаңалықты бөліспей отыра алмадым. Бұл үйді алудың шарттары ұнады", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері, соның ішінде әнші Мәдина Сәдуақасова да жазбаға лайк басып, көпшілік Мөлдір Мұқанованың жаңа баспанасына құтты болсын айтып, ақжарма тілектерін жаудыруда.
Соңғы жаңалықтар