«Дала Қырандары» Орал қаласының маңындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты

17.04.2024
14:26
0
266
16 Сәуір – "Дала қырандары" жастар бірлестігі Батыс Қазақстан облысының аумағындағы елдімекендерді табиғи құбылыстардың теріс әсерінен қорғауға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Бұл жұмыстарды жүргізуге бірлестікке ҚР Туризм және спорт министрлігі бастаған еліміздің белгілі спортшылары және БҚО-ның түрлі спорт түрлерінің өкілдері қосылды.
Спортшылардың осы акцияға қатысуы ынтымақтастық, командалық рух және басқаларға көмектесу сияқты спорттық құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта Орал қаласына Серік Сапиев, Бейбіт Ыстыбаев, Данияр Елеусинов, Сергей Цырульников, Ербол Хамитов, Асхат Ділмұхамедов, Алматы Кебіспаев, Василий Тахтай, Фируза Шәріпова және т.б. танымал спортшылардан құралған алғашқы эшелон Зачаганск елдімекеніндегі бөгетті нығайту жұмыстарына ат салысуда. Жергілікті тұрғындарға көмекке 400 адам жиналды. Олар ММА, грек-рим және еркін күрес, грэпплинг, футбол, футзал және т.б түрлі спорт түрлерінің өкілдері.
Еске салсақ, «Дала Қырандары» ЖҚБ наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке келген болатын. Қырандар аулаларды еріп үлгермеген қардан тазарту арқылы жергілікті тұрғындардың баспаналарына қызыл судың кіруіне жол бермеді. Ал 3 сәуір күні біз Астанадағы гуманитарлық көмек жинау нүктесіне көмектестік. Бұл жолы қажетті заттарды сатып алуға көмектесуден бөлек, біз қайырымды азаматтар жіберген дүниелерді сол жерде сұрыптап, еліміздің су басқан аудандарына одан әрі тасымалдау үшін көліктерге тиедік. 9 сәуірде Тайтөбе кенті тұрғындарына көмек қолын создық. Ал 10-ынан 11-інші сәуірге қараған түні қозғалыс қатысушылары Жібек Жолы ауылы тұрғындарының өтініштері бойынша жергілікті бөгетті нығайту жұмыстарына атсалыстық.
Байланыс: Аккредиттеуден өту және кез келген қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірге хабарласыңыз +7 701 111 06 32, +7 705 306 63 66, qyrandary@gmail.com (Анель). «Дала Қырандары» туралы: «Дала Қырандары» – Қазақстанның қоғамын түбегейлі өзгертуге дайын белсенді әрі мақсатты жастардың басын бір жерге тоғыстыратын Жастар Қоғамдық бірлестігі. «Дала Қырандары» Жастар Қоғамдық бірлестігі.


Байланыс: Аккредиттеуден өту және кез келген қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірге хабарласыңыз +7 701 111 06 32, +7 705 306 63 66, qyrandary@gmail.com (Анель). «Дала Қырандары» туралы: «Дала Қырандары» – Қазақстанның қоғамын түбегейлі өзгертуге дайын белсенді әрі мақсатты жастардың басын бір жерге тоғыстыратын Жастар Қоғамдық бірлестігі. «Дала Қырандары» Жастар Қоғамдық бірлестігі.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

13.10.2025
23:20
Жұлдыз Әбдікәрімова екі айлық қызына сыйлық жасады

13.10.2025
22:17
Әнші Жеңіс Ысқақова халықтан сүйінші сұрады

13.10.2025
21:46
Мөлдір Әуелбекова: «Енді тұрмыс құрмаймын...»

13.10.2025
20:43
"Қатарластарым пәтер, көлік, ақша алып жатыр": ...

13.10.2025
19:43
Шерзат Полаттың ісіндегі куәгер қыздарға қатыст...

13.10.2025
18:52
“Қайрат” пен “Пафос” арасындағы ойын билеттері ...