"Орамал тағып, сәлем саламын": Кәмшат Жолдыбаева отбасылық құпияларын ашты

20.08.2026 10:41 Мөлдір ҚАЙНАР
56
Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Танымал әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева ана атанғаннан кейін алғаш рет "Оян" телебағдарламасына сұхбат беріп, келіндік өмірі мен отбасылық құпиялары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі жақында қызды болғанын ресми түрде растап, сәбидің есімін не себепті жасырын ұстап жүргенін түсіндірді.

"Мен жеке өмірімді ешқашан жариялай бермейтінмін. Өйткені ол – менің алтын қазынам, мен үшін өте құнды. Жолдасымның да ұстанымы сондай. Бұйыртса, балаларымыз өскенде көпшілікке танылғымыз келеді десе, жағдай өзгеруі мүмкін. Бұл – олардың өз құқығы", – деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі күйеуімен ортақ шығармашылық жобада танысқанын және тойдың неге Алматыда емес, Ақтөбеде өткенін жеткізді.

"Алғашында Алматыда үлкен той жасаймыз деп ойладық. Бірақ ағайын-туыстың көбі, ақсақалдарымыз Ақтөбеде болғандықтан, тойды сол жақта жасаймыз деген шешімге келдік", – деді өнер иесі.

Қазіргі уақытта Алматыда тұратын әнші қайын жұртына барғанда салт-дәстүрді берік ұстанатынын айтты.

"Қайын жұртым Ақтөбеде. Ағайын-туыстың көбі сол жақта. Ал біз Алматыда тұрамыз. Ақтөбеге барсақ, бір апта немесе он күнге ғана барамыз. Сол күндері жеңгемін, келінмін, басыма орамал тағып, сәлем саламын. Қалған өмірім осында өтеді", – деді Кәмшат Жолдыбаева.

Войдите, чтобы оставить комментарий