"Ораза ұстау ауруды көбейтеді, қауіпті": Ахметбек Нұрсиланың сөзі желіні шулатты

18.02.2026 09:38 Мөлдір Талғат
149
Фото: коллаж politico.kz

Соңғы уақытта өзін нейробиолог ретінде таныстырып жүрген Ахметбек Нұрсила оразаға қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, жаз мезгілінде ораза ұстау денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Нұрсила ашыққан кезде, әсіресе су ішпеген жағдайда, қан қоюланып, инсульт пен инфаркт қаупі бірнеше есе артатынын алға тартты.

«Жаздың күні ораза кезде адамдар шыбынша қырылады. Ауруына ауру жамайды. Неге десеңіз, жазда күн өте ұзақ әрі ыстық. Қаның қоюланады, одан кейін холестерин жиналады. Содан инсульт, инфаркт алу қаупі 100 есе артады. Өйткені қанның 90%-ы су. Сен су ішпегеннен кейін сөйлеген кезде аузыңнан дем шығады, терлеген кезде сонымен бірге кетеді. Қаның одан сайын қоюланады», – дейді ол.

Оның пікірінше, денсаулығы мықты адам аштыққа шыдауы мүмкін, алайда әлсіз жандар үшін бұл үлкен қауіп. Сол себепті ол сусыз емес, су ішіп ашығуды ұсынды.

«Сондықтан ашыққан кезде сусыз емес, су ішіп ашығу керек. Имамға былай айтыңыз: екі жолы бар. Мен ораза ұстағым келеді, бірақ су ішіп ашығайын. Болмаса толық ашығайын, ауырсам – ауырайын. Қалай жауап береді көріңіз. Су ішу керек, онсыз өмір жоқ», – деп мәлімдеді Нұрсила.

Бірер күн ішінде 200 мыңнан астам қаралым жинаған видео желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Көпшілік оның тұжырымымен келіспейтінін білдіріп, оразаның шарттары мен денсаулыққа қатысты мәселелер діни және медициналық тұрғыда нақты түсіндірілуі тиіс екенін жазуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий