«Ордабасы» мен «Ақтөбе» жанкүйерлері тағы да жаппай төбелесті
794
Футболдан Қазақстан премьер лигасының 18-турындағы «Ордабасы» мен «Ақтөбе» матчы қарсаңында екі команданың жанкүйерлері арасында қақтығыс болды.
Матч 1:1 есебімен аяқталды. «Ақтөбе» атынан Хосе Севальос, ал «Ордабасы» атынан Шахбоз Умаров гол соқты. Ал «Ақтөбе» жанкүйерлері төреші Бағдат Абдуллаевтың Дорни Ромероның голын есепке алмағанына наразы болды.
Telegram желісіндегі Match KZ арнасында жарияланған видеода Шымкент қаласында қос команданың жанкүйерлері арасында жанжал туындап, оның арты төбелеске ұласқанын көруге болады.
Айта кетсек, бұл екі команданың жанкүйерлері арасындағы алғашқы қақтығыс емес. Бұған дейін 2023 жылдың мамырында Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жанкүйерлері жаға жыртысқан болатын.
Соңғы жаңалықтар
21.08.2026
23:52
Мешітте "тамағы тесік" деп қайыр сұраған әкенің...
21.08.2026
23:40
Дина Төлепберген: Түркістанда ерлер әйелін білі...
21.08.2026
23:18
Қостанай облысында аудандық басқарма басшысы со...
21.08.2026
22:31
Ерсай өзінен 8 жас кіші күйеуі туралы: Маған өз...
21.08.2026
22:28
«Енді саясат туралы әзілдемесем»: Танымал әзіл...
21.08.2026
21:58
Феншуй маманы: Дәретханасы сыртқы есікке қарама...