Орыс жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ актрисасы қандай келін екенін айтты
Жақында Андрей есімді жігітке тұрмысқа шыққан актриса Фариза Ескермес Taboo бағдарламасына берген сұхбатында отбасында қандай келін екенін айтты деп хабарлайды politico.kz сайты ulysmedia.kz- ке сілтеме жасап.
Оның (Андрейдің – ред.) отбасы мені керемет қабылдады. Оның әкесі де, анасы да маған Фариза немесе келін деп емес, қызым деп қарайды. Үйіне келген бірінші күні анасы маған «сен келін емессің, сен басқа адам емессің, сен біздің қызымызсың, мен өмір бойы қызды болуды армандадым» деді, - дейді актриса.Оның айтуынша, күйеуінің анасы бұған ыдыс жудырмайды екен.
Мен Құдайдан қыз сұрағанда маған сен секілді қызды берді, мен мұны сый ретінде қабылдаймын» деді. «Мен сені Дэви деп атасам бола ма» деді. Ол «жарық» деген мағынаны білдіреді екен. Қатты еркелетеді. Мен олардың үйіне барғанда ыдыс жумаймын. Жудырмайды. Орнымнан тұрғызбайды. Мақтанғаным емес, бұл мені таңғалдырды. Шын мәнінде маған ештеңе істетпейді. Оның орнына «жай ғана отырып сөйлесейікші, әңгіме айтайық, шай ішейік, билейік» дейді. «Үйдің шаруасын істемей-ақ қояйықшы» деп айтады, – дейді Фариза Ескермес.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.11.2026
10:17
Балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынд...
15.11.2026
09:24
Шымкентке ұшқан ұшақ Түркістанға қонуға мәжбүр ...
14.11.2026
17:13
Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қата...
14.11.2026
16:28
Ақтаудағы түрмеде шу шықты: Бейнебақылау камера...
14.11.2026
15:26
Жүргізушісі есінен танып қалған: Теміртауда жол...
14.11.2026
14:19
2023 жылы із-түзсіз кеткен ер адамға не болғаны...