Қостанайдағы өрт: "Қайырымдылық.KZ" қорына 700 млн теңге жиналды
Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету қорына 700 миллион теңге түсті. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің инстаграм парақшасында хабарлады.
"Мемлекет басшысы қабылдаған жедел шешімдер нәтижесінде тұрғын үй құрылысына 2,3 млрд. теңге қаражат бөлінді. Еліміздің құрылыс компаниялары үйлердің құрылысына кірісіп кетті. Мемлекетпен қатар, отандық ірі кәсіпорындар, банктер мен қайырымдылық қорлары да ортақ іске ат салысып, өз қаражаттарына бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысын бастады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Өрттен зардап шеккендерге қол ұшын созып, гуманитарлық көмек жіберуге ат салысқан халықтың ықыласында шек жоқ. Облысымыздың ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар тиелген жүк көліктері әлі күнге ағылып келіп жатыр. Арнайы ашылған «Қайырымдылық.KZ» қорына қазірдің өзінде 700 млн. теңгеден артық қаражат түсті", - деп жазды Қостанай облысының әкімі.Дереккөз: "Адырна" ұлттық порталы
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...
27.10.2026
17:25
Астанаға әкім, федерацияға президент: Жеңіс Қас...