Отбасы банкінің бұрынғы қызметкері басшылықтың ақша жинау схемасын айтып берді

Отбасы банкінің бұрынғы қызметкері басшылықтың ақша жинау схемасын айтып берді
05.08.2025 11:03
0
135
Сурет: shutterstock.com
Отбасы банкінің бұрынғы қызметкері Максим Елешов қаржы ұйымының ішіндегі көлеңкелі жүйе жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ол басшылықтың атынан қызметкерлерден үнемі ақша жиналатынын, ал бұл талаптан бас тартқандар түрлі қысымға ұшырап, ақыр соңында жұмыстан қуылатынын айтты.

Елешовтың айтуынша, бұл тәжірибе банк ішінде бұрыннан бар, ол өзі 2021 жылдан бері байқап келе жатқанын жеткізді. Қызметкерлерден басшылардың туған күніне, тимбилдингтер мен әртүрлі ішкі шараларға деп жүйелі түрде қаражат жиналатын болған.

2023 жылы ол бұл жайттар туралы банк төрайымы Ляззат Ибрагимоваға ресми хат жолдап, жеке кездесу сұраған. Бірақ мәселе шешілмеген соң, Президент Әкімшілігіне шағымдануға мәжбүр болған. Елешовтың сөзінше, тек 2023 жылдың қазан айында ғана бір басқармадан басшының туған күніне деп 239 мың теңге жиналған. Әңгіме Ибрагимованың орынбасары Нұрлан Ақшанов туралы.

Бұрынғы қызметкердің сөзін сотта бірқатар куәгерлер де қолдаған. Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Нұрханова мен басқа да бұрынғы әріптестері банкте ақша жинау ісі жүйелі түрде жүргізілетінін, бұл схемалар тек бір бөліммен шектелмей, еліміздің әр аймағында қайталанғанын айтып шыққан. Бұл істердің барлығы Ақшановтың бақылауында болған көрінеді.

Ақша беруден бас тартқандар бірден қара тізімге ілініп, қысқартуға немесе жұмыстан шығуға бірінші үміткерге айналған.

Максим Елешов банк ресурстары мен ішкі шешімдер тек санаулы адамдардың пайдасына бағытталғанын да атап өтті. Оның айтуынша, бұл ашық бәсекеге емес, ішкі байланысқа құрылған тұйық жүйе.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий