"Мәдениетті, зиялы күйеу сыйлаған Аллаға шүкір": Актриса Фариза Ескермес ерекше жазба жариялады

"Мәдениетті, зиялы күйеу сыйлаған Аллаға шүкір": Актриса Фариза Ескермес ерекше жазба жариялады
Фото: instagram.com/fariza_yeskermes

Отандық актриса Фариза Ескермес әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Андрейге деген ерекше ризашылығын білдіріп, жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі өмірлік жарының бойындағы тектілік пен мәдениеттілікті жоғары бағалап, өзінің жолы болғанын атап өтті:

«Мәдениетті, зиялы күйеу сыйлаған Аллаға рақмет. Адамның ішкі мәдениеті — нағыз бақыт пен байлық», — деп жазды актриса Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар Фариза оқырмандарына үйлену тойында түсірілген естелік суреттерін көрсетті. Айта кетейік, жас жұбайлар 2024 жылдың қыркүйегінде дүркіретіп той жасаған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу