"Отбасымды сақтап қалу үшін барлығын жасаймын": Әзілкеш Мансар Орынхан үн қатты
«Миллион» жайдарман тобы арқылы көпшілікке танылған әзілкеш әрі актер Мансар Орынхан әйелінің отбасындағы кикілжің туралы жазбасынан кейін алғаш рет ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін өнер иесінің жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің бірнеше күн бойы хабарсыз кетіп, өзін барлық жерден бұғаттап тастағанын айтып, ренішін білдірген болатын:
«Бәлкім, қазір эмоциямен жазып отырған шығармын... Үйге қонбайды, хабарсыз кетеді, барлық жерден бұғаттайды. Алты күн өтті, Алматыда жүргенін білемін. Бірақ мен өз өмірімді сүремін. Оның жоқтығынан өмір тоқтамайды. Және бұл бірінші рет емес! Кеше тойға бардым, сол кезде ғана байланысқа шықты. Қазір өзіне айтарым біреу: егер таңдауың көше болса, үйді бізге қалдыр. Бізді таңдамағаның үшін үш баламен тентіретпе. Мен бұл үйден кетпеймін, қусаң да», — деп жазған еді келіншек Instagram Stories-те.
Көпшіліктің қызу талқысына түскен бұл жағдайдан соң Мансар Орынхан да Instagram парақшасында жазба жариялап, отбасын сақтап қалғысы келетінін жеткізді. Ол сондай-ақ жұбайын өзіне қарсы қойып жүрген бөгде адамдар барын меңзеді:
«Ешқандай отбасы ажыраспасын, балалар жетім қалмасын! Алладан тек соны тілеймін. Менің ең үлкен байлығым — менің отбасым. Оны дәлелдемесем де, бәрі белгілі. Менің отбасыма менен артық ешкімнің жаны ашымайды және жақсы көрмейді. Әйелімді маған қарсы айдап салып жатқан кейбір адамдар, қандай жиіркенішті едіңдер! Мен отбасымды сақтап қалу үшін барлығын жасаймын. Жасап та жүрмін!» — деп жазды әзілкеш.
Соңғы жаңалықтар