Өз әкесін ұрып өлтірген түркістандықтың жазасы қатаңдады
Түркістан облысында өз әкесіне жүйелі түрде күш көрсеткен Алмас Садақбаевқа қатысты іс қайта қаралып, сот үкімі қатаңдатылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сот шешімімен бұрын тағайындалған жаза күшейтіліп, енді ол 5 жыл емес, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай шешім қылмыстың ауырлығына байланысты қабылданған.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам сырқат әкесіне күтім жасаудың орнына, оны бірнеше рет қорлап, күш көрсеткен. Сот барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бірнеше дерегі егжей-тегжейлі қаралды.
Айта кетейік, бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Әлеуметтік желілерде ер адамның өз әкесін соққыға жыққан видеосы тарап, көпшіліктің наразылығын туғызды.
Белгілі болғандай, Алмас Садақбаев 2025 жылдың мамыр айында Қоссейіт ауылынан үй сатып алып, өздігінен жүріп-тұра алмайтын 70 жастағы әкесін сонда көшіріп әкелген. Алайда күтім жасаудың орнына, оны үй ауласында ұрып-соққаны анықталған.
Соңғы жаңалықтар