«Өз батырын өзі шүйліктірген елді көріп пе едік?» – Қыдырәлі Болманов
Әнші Қыдырәлі Болманов Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында Серік Сәпиевтің қазақ спортындағы орны ерекше екенін атап өтті.
«Тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарында алтын медаль алып, чемпион болған жеті-ақ боксшымыз бар. Сегіз миллиард адамның арасынан суырылып шығу – кез келген спортшыға бұйыра бермейтін бақ. Ал Олимпиаданың ең үздік боксшысына берілетін “Баркер кубогын” иеленгендер бұдан да аз», – деп жазды ол.
Қыдырәлі Болмановтың айтуынша, Серік Сәпиев сол Олимпиадада бұл беделді марапатты жеңіп алған санаулы спортшылардың қатарында.
«Өз тарихында өз батырын өзі шүйліктірген елді көрдіңіз бе? Серік пен Бекзаттай батырлар, бүгінгі өсіп келе жатқан жас таланттар – бір ғасырда бір келетін дара дарындар емес пе?» – дейді әнші.
Сондай-ақ ол ел ішінде еңбегі сіңген тұлғаларды құрметтеу қажеттігін айтып, «бір арлан туса, оны талауға он ит туады» деген нақылды мысалға келтірді.
Соңғы жаңалықтар