Өзбек депутаты Ресеймен виза режимін енгізуді ұсынды
Өзбекстанның жергілікті партия жетекшісі Әлішер Қадыров Ресеймен визалық режим енгізуді қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қадыровтың пікірінше, Орталық Азия аймағы ресейлік саясаткерлердің бастамаларын қолдап, Ресеймен визалық жүйені енгізуі қажет. Сонымен қатар, аймақ елдерінде еңбек мигранттарына қатысты талаптарды күшейту маңызды деп санайды.
"Күтілетін тұрақсыздық пен релоканттар санының күрт өсуіне байланысты, тек біз ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағы Ресеймен визалық режим енгізуді қолдауы қажет деп есептеймін. Сонымен қатар, жұмыс іздеп келушілер үшін талаптарды және бақылауды қатаңдату қажет", – деп жазды Қадыров.
Қадыровтың бұл ұсынысы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, түрлі пікірлер туындатуда.