«Өзін ешкіммен салыстырмады»: Айнұр Тұрсынбаева Дженнифер Лопестің өмір жолын қазақ әйелдеріне үлгі етті

08.01.2026 15:34 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Өзін ешкіммен салыстырмады»: Айнұр Тұрсынбаева Дженнифер Лопестің өмір жолын қазақ әйелдеріне үлгі етті
0
276
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Танымал айтыскер, бүгінде коуч ретінде кеңінен танылып жүрген Айнұр Тұрсынбаева қазақ әйелдеріне арнап мотивациялық жазба жариялап, әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің табысқа жету жолын мысалға келтірді, деп хабарлайды Politico.kz

Айтыскердің айтуынша, үлкен масштабқа шығу үшін ең алдымен талант емес, ішкі қалау мен табандылық қажет.

«Масштабқа шығу үшін таланттан бұрын желание керек. Дженнифер Лопес қазіргі жетістігін биші болып жүрген кезінде-ақ армандаған. Бір кездері әнші Джанет Джексон сахнада ән айтып тұрғанда, Джей Ло артында билеп жүрген. Сол сәтте ол өзіне: “Мен де осындай жұлдыз боламын” деп уәде берген», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Оның айтуынша, Дженнифер Лопес өзін өзгелермен салыстырып, жарысқа түспеген. Ол Майкл Джексон сияқты кең диапазонды биші де, Джанет Джексон секілді ерекше вокал иесі де болмаған. Алайда өзінің ерекшелігін тауып, сол бағытта үздіксіз еңбек еткен.

«Ол өзін басқалармен салыстырмады. “Мен уникалды боламын, өз ерекшелігімді табамын, өз биігіме шығамын” деп шешті де, бар назарын өзіне аударды», – дейді коуч.

Айтыскердің пікірінше, көп адамның қателігі – жетістікке жеткен жанмен өзін салыстыру. Ал әр адамның бастаған нүктесі әртүрлі. Сондықтан «менде бар мүмкіндіктермен қалай максимумға шығам?» деген сұрақ қою маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде отырған қыз-келіншектерге арналған жеке курсын да таныстырып, олардың ішкі қорқыныштарын жеңуге көмектесетінін жеткізді.

Желі қолданушылары бұл ойды қолдап, пікірлерін қалдырды:


«Өте дұрыс жазылған»«Айнұр – мықты мотиватор, ал Джей Ло – әлемдік деңгейдегі әртіс»«Дженниферден өзіміздің Айнұр да кем емес»«Бұл ретрит өміріме үлкен өзгеріс әкеледі деп сенемін», – деп жазды олар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий