"Өзіннің ұлтына деген қастандық": Ерлан Саиров Пәкістандағы қандастар жайлы

26.08.2025 13:03
0
384
Сурет: Бейнеден кадр

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ПӘКІСТАНДАҒЫ ҚАНДАСТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР АЙТТЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Пәкістанда Ауғанстанға депортациялану қаупімен тұрған 300-ге жуық этникалық қазақтың тағдырына қатысты жаңа деректермен бөлісті. Депутаттың айтуынша, Қазақстанға әкелінген бірнеше адамға жасалған сараптама олардың шынымен қазақ екенін дәлелдеген.

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров "Қасқа жол" YouTube арнасына берген сұхбатында Пәкістандағы қандастар мәселесі туралы айтты. Ол Сыртқы істер министрлігінің оларды Ауғанстанға жер аудармау үшін жұмыс істеп жатқанын, сондай-ақ тегін анықтау мақсатында елге әкелінген 10-ға жуық адамның сараптама қорытындысы оң нәтиже бергенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, депутат әлеуметтік желіде "олар нағыз қазақ емес, өздері барған" деген сияқты жағымсыз пікір айтушыларға наразылығын білдірді. Ол мұндай қиын жағдайда қалған қандастарға қатысты теріс пікір айту орынсыз екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 12 тамызда Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Үкіметке үндеу жолдап, Пәкістандағы 300-ге жуық қандастың Ауғанстанға жер аударылу қаупі төніп тұрғанын мәлімдеген болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий