«Өз-өзіне үш рет оқ атқан адамға ескерткіш қою – көзбояушылық»: журналист Заманбек Нұрқаділовтің ақталмай жатқанына қапалы

12.11.2025 12:32 Әсел Мұрат
 «Өз-өзіне үш рет оқ атқан адамға ескерткіш қою – көзбояушылық»: журналист Заманбек Нұрқаділовтің ақталмай жатқанына қапалы
0
261
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Заманбек Нұрқаділов

Танымал журналист Дина Елгезек Жанар Байсемізге берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбаевтың қлімдері әлі күнге ашылмай жатқанын айтып, оларды ақтау керегін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

«Назарбаев әлі кеткен жоқ. Оның ізбасарлары, Назарбаев жүйесінде жұмыс істегендер әлі күнге дейін билікте отыр. Сол себептен Заманбек Нұрқаділовтің өлімі әзір ашылмайды. Жаңа билік келсе, сол кезде ғана ашылады. Сол кезде мына билік басқа жолмен кетіп бара жатыр деген алғашқы қоңырау соғылды. Сол кезде ғана реніш туындады. Енді сұмдық нәрсе ғой. Ол – біздің Қазақстан тарихындағы ақтаңдақ оқиғалар. Тың, өте қиянатты оқиғалардың бірі болып тарихта қалатыны анық. Ол кісілер ақталған жоқ. Бірақ сол кісілердің құрметіне ескерткіш орнатылып жатыр. Бұл да жаңа декорацияның түрі, халықты алдап қою. Мінеки, біз өзгердік. Жаңа Қазақстан орнады. Жаңа ескерткіш орнатып, мектепке атын беріп жатырмыз. Бірақ кешіріңіз, сіз, алдыменен ақтаңыз. Өзін-өзі үш рет атпағанын дәлелдеңіз. Қылмыскерлерді заңды түрде жауапқа тартыңыз. Содан кейін барып ескерткіш ашсаң дұрыс. Сонда өзін-өзі үш рет атқан адамға ескерткіш орнату қалай? Бұл моральдық тұрғыда қандай үлгі береді? Ұрпаққа ұят қой. Суицид жасаған адамға кім оны тұлға қылады? Көзбояушылықтың бұл тағы бір түрі. Шын мәнінде, шынайы өзгерістер жоқ. Шынайы өзгеріс болса, мүлдем басқаша болар еді», - деді ол.

Жанар Байсеміз журналистен: «Егер Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтер болса, сол кездегі өздерінің істеймін деген дүниелерін істесе, қазір біздің қоғам қандай болатын еді?» деп сұрады. Бұл сұраққа жауап берген Дина Елгезек өзінің түсі туралы да айтып берді.

«Алтынбек ағамыздың өзінің айтып кеткен сөзі бар: «Сен биліктен кеткеннен мемлекеттің керемет дамып кеткені еш көрсеткіш емес. Қандай қоғам қалдырдың? Сол –  негізгі көрсеткіш». Ал бүгінде қоғам ашынған. Бір-біріне сенбейтін қоғамға душар болдық. 

Бірде «Хабарда» жүрген кезімде түс көрдім. Түсімде машинада жанымда Заманбек Нұрғаділев ағамыз отыр екен. «Дина, сен мені кім атқанын білесің бе? Оның өліп қалғанын түсімде біліп тұрмын. Ол: «Биліктің ең бірінші адамы ғой деп төбені көрсетті». Осыны жазшы, көтерші, деген сияқты сөздер айтты. Сонда мен машинадан түсіп: «Міндетті түрде сізді ақтаймыз» деген  сөз айтып, есікті жауып кетіппін. Сол кезде әруақтың өзі болашақта менің оппозицияға кетіп қалатынымды біліп тұр ғой. Ол кезде мемлекеттік арнада жүрген адаммын. Сол кезде түсіме кірді. Мен оппозицияға кетіп қалдым. Біз ол кісінің атын айтсақ та, ұмытпасақ та, ескерткіш қойсақ та бәрібір ақтамағаннан кейін ол кісінің де аруағы тынышталмай жатыр. Әрине, риза емес. Ақталу керек. Аруаққа риза ол кісінің атылып кеткені анық. «Өзін-өзі үш рет атты» дегенге балаға дейін сенбейді», - деді Дина Елгезек.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий