Пара алғаны үшін ұсталған астаналық жедел жәрдемнің экс-басшысы 36 млн теңге айыппұл төлейді
696
«Жедел медициналық қызмет көрсету станциясының басшысы О. 2022-2023 жылдары бас фельдшер М.-дан медициналық колледждерде оқу практикасын ақылы негізде жүргізуге мүмкіндік бергені үшін және медициналық колледждерден жалақы ретінде өз шотына аудару жолымен 676 мың теңге сомасында пара алды. Сондай-ақ, ол 2023 жылдың сәуір айында ЖШС директорының орынбасарынан бас фельдшер М.-ның делдал болуы арқылы жедел жәрдем станциясы жанындағы академия студенттерінің өндірістік практикадан ойдағыдай өткені үшін 100 мың теңге көлемінде ақшалай пара алған», — деп жазды ведомстводан.
Сот үкімімен О. ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Ол мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылып, пара сомасының 46,6 еселенген мөлшерінде 36,1 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оны мемлекеттік награда — «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.
М. ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігі бойынша қызметтік жағдайын пайдалана отырып, пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 еселенген пара сомасы мөлшерінде 2 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Айта кетейік, былтырғы желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет астаналық жедел жәрдем стансасының басшысы ұсталғанын мәлімдеген.
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
10:09
Астана маңында апалы-сіңілі жасөсіпірім екі қыз...
11.08.2026
10:01
Алматы облысында күйеуін өлтірген жүкті әйел бо...
11.08.2026
09:41
"Төс көрсету жарысы ма?": желі қолданушылары Мә...
11.08.2026
08:44
Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қазасына байл...
11.08.2026
08:30
Астана–Петропавл автожолында екі көлік соқтығыс...
10.08.2026
22:54
15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионаты...