Париждегі мешіттерде шошқаның басын қалдырған. Франция үкіметі Ресейден көріп отыр

Франция полициясы дүйсенбі кешкісін Париждегі мешіттердің қасында шошқаның басын қалдырған адамдар шетелдік арнайы қызметтердің, мүмкін, ресейлік құрылымдардың тапсырмасымен әрекет еткен болуы мүмкін деп күдіктенеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Доңыздың бастары сейсенбі таңертең Париждің орталығындағы және оған іргелес жатқан тоғыз мешіттің жанынан табылды. Бұл оқиға қоғамда ашу-ыза мен айыптаулар толқынын тудырды, деп жазды BBC.
Тергеушілердің айтуынша, бұл іске қатысы бар екі адам Сербияда тіркелген автокөлікті пайдаланған, хорват нөмірі бар ұялы телефон қолданған және бірнеше сағаттан кейін Бельгия шекарасынан өтіп кеткен.
Бұл оқиға соңғы уақыттағы бірқатар арандатушылықтарға қатты ұқсайды. Атап айтқанда, 2023 жылдың қазан айында Париждегі бірнеше ғимарат қабырғаларында Давид жұлдыздары бейнеленген, ал 2024 жылдың мамырында Холокост мемориалында қызыл алақан іздері салынған болатын.
Бірінші жағдайда полиция Молдова азаматтарының қатысы барын анықтады, ал екінші эпизод бойынша төрт болгар азаматы қазан айында сот алдында жауап беруі тиіс.
Францияның барлау қызметі Ресей мен Иранды Франциядағы алауыздықтарды «лас істер» арқылы қоздыруға қабілетті елдер деп санайды.
Соңғы жаңалықтар





