«Пас бере алмайсыздар»: журналист ұлттық құраманың қорғаушысы Нұрлан Әліпті ашуландырды (ВИДЕО)

«Пас бере алмайсыздар»: журналист ұлттық құраманың қорғаушысы Нұрлан Әліпті ашуландырды (ВИДЕО)
04.09.2025 10:30
0
141
Сурет: ҚФФ

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Уэльс матчының алдындағы баспасөз мәслихатында шиеленісті жағдай орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Журналистердің бірі қазақстандық қорғаушы Нұрлан Әліпке арандатушылық сипаттағы сұрақ қойды.


«Біз футболды теледидардан көріп отырмыз және Қазақстан құрамасының бір кемшілігін байқаймыз: сіздер дәл пас бере алмайсыздар. Соның салдарынан команда жиі гол жіберіп алады. Дәл пас беруді үйрену үшін не істеу керек?» – деді ол.


Бұл сауалға Әліп ашулана жауап қатты.


«Сіз осындай сұрақ қоясыз ба? Бұл тек бізде ғана емес. Егер сіз «Қайраттың» «Селтикпен» кездесуін көрген болсаңыз, қонақтардың да қателескенін байқаған боларсыз. Олар қымбат футболшылар болса да, тіпті пенальти сериясында да мүлт кетті. Кез келген кәсіпте адамдар қателеседі», – деді ол.


Еске сала кетейік, бүгін, 4 қыркүйекте, Астанада Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионаты-2026 іріктеу турнирі аясында Уэльс командасымен кездеседі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий