Павлодар облысында 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген

01.05.2026 10:46 Мөлдір Қайнар
Павлодар облысында 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
360
фото: әлеуметтік желі

Павлодар облысы Тереңкөл ауданында 2025 жылдың қыркүйегінде болған қайғылы оқиға бойынша жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмысқа баланың өзінен емес деп күдіктенуі себеп болған.

26 жастағы ер адам жұбайымен бірге екі баланы тәрбиелеген: үш жасар қызы және 2025 жылдың мамырында туған ұлы. Алайда ол қызды өзінен емес деп күдіктеніп, әйелін опасыздыққа айыптаған. Осыдан кейін балаға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсете бастаған.

Прокуратура мәліметінше, ер адам қызын түнде шарфпен төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан. Бұл әрекеттер бірнеше ай бойы — қаңтардан қыркүйекке дейін жалғасқан.

Қайғылы оқиға болған күні күдікті көршісінің моншасында ішімдік ішкен. Кешкі уақытта қызын алып келіп, оны бірнеше рет ұрған. Кейін қайтадан моншаға барып, ашу үстінде баланы көтеріп, бетон еденге лақтырып жіберген.

Алған ауыр жарақаттардың салдарынан қыз аудандық ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер бауырдың жыртылуы мен ішкі қан кетуді тіркеген.

Қазіргі уақытта ер адамға «Азаптау» және «Адам өлтіру» баптары бойынша айып тағылып отыр. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Айыпталушы өз кінәсін мойындамаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий