Павлодарда әкесі үш жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінді
894
Павлодар облысының Тереңкөл ауданында үш жасар қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды павлодарлық «Наша Жизнь» ақпарат агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 қыркүйекке қараған түні аудандық аурухананың қабылдау бөліміне үш жасар бала аса ауыр халде түскен. Дәрігерлер оның бас сүйегінің шүйде сүйегінің жабық сынығын, қас үсті аймағының жарақатын, денесінің жұмсақ тіндерінің көптеген жарақаттары мен қанталауларын анықтады.
«Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермеді. Баланың қайтыс болғаны тіркелді», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Полицияның хабарлауынша, аталған қылмысты жасады деген күдікпен қыздың әкесі ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Бала өліміне қатысты ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...