Павлодарда ер адам біреудің пәтерін өртеп жібере жаздады (ВИДЕО)
Павлодарда көпқабатты үйдің кіреберісіне өрт қоймақ болған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінде таңғы сағат жетіде жанжал шыққан. Ер адам пәтерлердің біріне канистрамен келіп, кіреберіске сұйықтық төгіп, пәтерді өртемек болған.
Шуды естіп сыртқа екі ер адам мен бір әйел шыққан. Ер адам өзіне кедергі жасауға тырысқан тұрғындардың бірінің бетіне жанғыш сұйықтықты шашып жіберген. Бұзақы жанындағыларды балағаттап, оларға дөрекі сөйлеп, тіпті біріне жұдырық та жұмсаған.
«Құқық бұзушының кім екені анықталды. Оны ұстау үшін шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жолданады», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...