Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кетті
Павлодарда жедел жәрдем көлігі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 76 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
103 қызметінің мәліметінше, арнайы көлік қосулы тұрған жарық белгілері мен дабыл сигналы арқылы шұғыл шақыртуға бара жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шегуші көлік жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан сәтте кенеттен жолға шығып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан қарт әйелдің екі балтырының сүйектері сынып, денесінің әр жері көгеріп, сырылған. Қазіргі уақытта зардап шегуші №1 қалалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Оқиғаның толық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.11.2026
16:31
Словакияда төрт қазақстандық ұсталды
21.11.2026
13:29
FlyArystan жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін с...
21.11.2026
12:10
Қостанайда мектептегі зорлық ісіне қатысты заңг...
21.11.2026
11:17
ШҚО-да жол жөндеу кезінде адамның сүйегі табылды
21.11.2026
10:21
Дүниеге келе сала жол апатына түскен сәбиді дәр...
21.11.2026
09:52
Ақтөбеде адам ұрлады деген бес кісі сотталып жатыр